АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның мемлекеттік қарызын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жыл басында мемлекеттік қарыздың сомасы 27 триллион теңгеден асты.
"2024 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңге болған", - деді Такиев үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8 процентке жеткен. Ал шекті деңгей – 33 процент. Бұл – қарыздың қауіпсіз межесі. Мемлекеттік қарыз ондай деңгейге жеткен жоқ.
Айта кетері, бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия да өз есебін жариялаған. Оған сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен есептегенде) Арменияда (0,9%) және Қырғызстанда (3,9%) өсті. Ал Қазақстан (8,3%) мен Ресейде (1,6%) керісінше азайды.