https://sputnik.kz/20240319/qarzhy-ministri-qazaqstannyn-qansha-qaryzy-bar-ekenin-aytty--43012023.html
Қаржы министрі Қазақстанның қарыз мөлшерін жариялады
Қаржы министрі Қазақстанның қарыз мөлшерін жариялады
Sputnik Қазақстан
Жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8 процентке жеткен 19.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-19T15:56+0500
2024-03-19T15:56+0500
2024-03-19T18:51+0500
мемлекеттік қарыз
https://sputnik.kz/img/235/87/2358787_0:0:3076:1731_1920x0_80_0_0_afc20b0115bded77ba6283e5d917825a.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның мемлекеттік қарызын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жыл басында мемлекеттік қарыздың сомасы 27 триллион теңгеден асты.Министрдің айтуынша, жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8 процентке жеткен. Ал шекті деңгей – 33 процент. Бұл – қарыздың қауіпсіз межесі. Мемлекеттік қарыз ондай деңгейге жеткен жоқ.Айта кетері, бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия да өз есебін жариялаған. Оған сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен есептегенде) Арменияда (0,9%) және Қырғызстанда (3,9%) өсті. Ал Қазақстан (8,3%) мен Ресейде (1,6%) керісінше азайды.
https://sputnik.kz/20240319/ulttyq-qor--balalarga-qarzhy-ministri-tolemder-qay-kezde-osetinin-aytty-43011305.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/87/2358787_309:0:3040:2048_1920x0_80_0_0_6910afc53197281268e39d165c021c36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қарыз
Қаржы министрі Қазақстанның қарыз мөлшерін жариялады
15:56 19.03.2024 (жаңартылды: 18:51 19.03.2024) Жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8 процентке жеткен
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның мемлекеттік қарызын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жыл басында мемлекеттік қарыздың сомасы 27 триллион теңгеден асты.
"2024 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңге болған", - деді Такиев үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8 процентке жеткен. Ал шекті деңгей – 33 процент. Бұл – қарыздың қауіпсіз межесі. Мемлекеттік қарыз ондай деңгейге жеткен жоқ.
Айта кетері, бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия да өз есебін жариялаған. Оған сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен есептегенде) Арменияда (0,9%) және Қырғызстанда (3,9%) өсті. Ал Қазақстан (8,3%) мен Ресейде (1,6%) керісінше азайды.