Ресей президентінің сайлауы - 2024

Ресей президенті сайлауында сайлаушылардың 60%-ы дауыс беріп үлгерді

Дауыс беру үш күн бойы – 15, 16 және 17 наурызда өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ресей президенті сайлауының үшінші күні, яғни 17 наурыз Мәскеу уақытымен сағат 9:28-ге дейін сайлаушылардың 60%-ы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлады РФ Орталық сайлау комиссиясының сайты.
Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру үш күн бойы – 15, 16 және 17 наурызда өтіп жатыр.
Салыстыру үшін айтсақ, 2018 жылғы сайлауда дауыс беру бір күнде өткен кезде Мәскеу уақытымен сағат 10:00-де сайлаушылардың тек 16,55% келген болатын. Учаскелік комиссиялардың хаттамаларының 99,83 пайызы өңделгеннен кейін 67 пайыздан асты.
Бейсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 23:00-де Камчатка мен Чукоткада Ресейдегі алғашқы сайлау учаскелері ашылды. Жұма күні сағат 9:00-де Ресейдің ең батыс аймағы – Калининград облысында дауыс беру пункттері ашылды. Осылайша 2,6 миллионға жуық ресейлік мерзімінен бұрын дауыс берді.
Ал Қазақстандағы ресейліктер төрт қалада дауыс бере алады:
1.
Астана
2.
Алматы
3.
Орал
4.
Өскемен.
Дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс беруге қатысу үшін консулдық тіркеуден өтудің қажеті жоқ, бірақ жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып баруы керек.
Ресей президентінің сайлауы - 2024
Ресей президенті сайлауы: Астанадағы екі сайлау учаскесінде ұзын-сонар кезек пайда болды