Досрочное голосование на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
2024 жылдың 15-17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. ОСК мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде төрт үміткерді тіркеді. Дауыс беру учаскелері Ресейдің дипломатиялық және консулдық өкілдігі бар барлық елде ашылды. Қазақстандағы ресейліктерге де дауыс беру үшін мүмкіндік жасалды.

Ресей президенті сайлауында сайлаушылардың 60%-ы дауыс беріп үлгерді

© Sputnik / Санат ИмангалиевРесейліктер Астанада Ресей президенті сайлауына дауыс беріп жатыр
Ресейліктер Астанада Ресей президенті сайлауына дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Жазылу
Дауыс беру үш күн бойы – 15, 16 және 17 наурызда өтіп жатыр
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ресей президенті сайлауының үшінші күні, яғни 17 наурыз Мәскеу уақытымен сағат 9:28-ге дейін сайлаушылардың 60%-ы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлады РФ Орталық сайлау комиссиясының сайты.
Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру үш күн бойы – 15, 16 және 17 наурызда өтіп жатыр.
Салыстыру үшін айтсақ, 2018 жылғы сайлауда дауыс беру бір күнде өткен кезде Мәскеу уақытымен сағат 10:00-де сайлаушылардың тек 16,55% келген болатын. Учаскелік комиссиялардың хаттамаларының 99,83 пайызы өңделгеннен кейін 67 пайыздан асты.
Бейсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 23:00-де Камчатка мен Чукоткада Ресейдегі алғашқы сайлау учаскелері ашылды. Жұма күні сағат 9:00-де Ресейдің ең батыс аймағы – Калининград облысында дауыс беру пункттері ашылды. Осылайша 2,6 миллионға жуық ресейлік мерзімінен бұрын дауыс берді.
Ал Қазақстандағы ресейліктер төрт қалада дауыс бере алады:
1.
Астана
2.
Алматы
3.
Орал
4.
Өскемен.
Дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс беруге қатысу үшін консулдық тіркеуден өтудің қажеті жоқ, бірақ жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып баруы керек.
Астанадағы Ресей елшілігінің алдындағы сайлаушылардың кезегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
Ресей президенті сайлауы: Астанадағы екі сайлау учаскесінде ұзын-сонар кезек пайда болды
Жаңалықтар
0