АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputtnik. Алматы облысы️ Еңбекші қазақ ауданы Бәйтерек ауылында қойма өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Жалын 1000 шаршы метр аумаққа шарпыды.
"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді", - дейді ведомство.
Майлық шығаратын цех пен қойма жанған. Өрт таяу орналасқан тұрғын үйге қауіп төндірген. Тілсіз жау әлі сөндіріліп жатыр. Жеке құрамнан 60-қа жуық адам және 20-ға жуық техника жұмылдырылған.