Таразда базар отқа оранды

© Photo : МЧС КазахстанаӨрт, архивтегі фото
Өрт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2024
Жазылу
"Омар ата" базарының аумағында қоймалар өртенді
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Тараз қаласында базар отқа оранды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін Мәмбет батыр көшесінің бойында орналасқан "Омар ата" базарының аумағында қоймалар өртенді. Тілсіз жау 350 шаршы метрге шарпыды. Сағат 10.05-те өрт оқшауланды.
Өртті сөндіруге жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, барлығы 40 адам және 13 техника қатысты. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2024
Өңірлер
Балалар ойнап жүрген: Көкшетауда батут орталығынан өрт шықты
Жаңалықтар
0