АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Батырхан Төлеуғали Тайан қаласындағы (Қытай) іріктеу турнирінде саудиялық Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңіп, финалға шықты.
Соның арқасында Төлеуғали лицензияның иесі атанды. Алдыңғы жекпе-жегінде 17 жастағы Төлеуғали үндістандық Акшай Худуды жеңген болатын.
Ол 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатыр.
Батырхан Төлеуғали
© Photo : пресс-служба Минтуризма и спорта Казахстана
Қытайдағы жарыста әр салмақта екі финалист Олимпиада квотасын алады. Турнирге 33 елден барлығы 96 таэквондошы келді.
Турнирде барлығы төрт қазақстандық өнер көрсетеді. Төлеуғалидан бөлек Самирхон Абабакиров (58 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Жансель Дениз (67 келіден жоғары) квота үшін таласады. Олар 16 наурызда даянгқа (таэквондошыларға арналған татами – Sputnik) шығады.