Ресей президентінің сайлауы - 2024

Ресей президенті сайлауында сайлаушылардың 10,40 пайызы дауыс беріп үлгерді

Дүние жүзіндегі ресейліктер үш күн ішінде үміткерлердің біріне дауыс бере алады
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Астана уақыты бойынша сағат 16.37-дегі мәлімет бойынша Ресей президенті сайлауына сайлаушылардың 10,40 пайызы қатысты. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Бүгін Ресейде президент сайлауына дауыс беру басталды. Дүние жүзіндегі ресейліктер үш күн ішінде үміткерлердің біріне дауыс бере алады.
Сайлау Ресейдің барлық аймағында өтіп жатыр.
17 наурыз, жексенбі негізгі дауыс беру күні болады.
Ресей президенті Ресей Федерациясының Конституциясына, 2002 жылғы 12 маусымдағы "Сайлау құқықтарының негізгі кепілдіктері және Ресей Федерациясы азаматтарының референдумға қатысу құқығы туралы" және 2003 жылғы 10 қаңтардағы Ресей Федерациясының президентін сайлау туралы" федералдық заңдарына сәйкес сайланады.
Тоқаев президент сайлауы туралы: Бұл – жалған ақпарат