АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік төлем алған қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға берілетін арнайы әлеуметтік төлем енгізілген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, жыл басынан бері жаңадан енгізілген жеңілдікті екі мыңнан астам адам пайдаланды.
"2024 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша 2 693 адамға арнайы әлеуметтік төлем берілді. Жалпы сомасы 449,7 миллион теңге", - деді Ордабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер мынадай төлемдерден тұратын арнайы әлеуметтік төлемге үміткер бола алады:
арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы - 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі - 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлем – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі жинақтауға байланысты.
Төлем мынадай жағдайда тағайындалады:
55 жасқа толғанда;
қызметкер үшін 84 ай (7 жыл) үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді растау;
зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру.