https://sputnik.kz/20240315/arnayy-aleumettik-tolem-algan-qazaqstandyqtardyn-sany-eki-mynnan-asty-42921750.html
Арнайы әлеуметтік төлем алған қазақстандықтардың саны екі мыңнан асты
Арнайы әлеуметтік төлем алған қазақстандықтардың саны екі мыңнан асты
Sputnik Қазақстан
1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға берілетін арнайы әлеуметтік төлем енгізілді 15.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-15T20:42+0500
2024-03-15T20:42+0500
2024-03-15T20:42+0500
әлеуметтік төлем
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892827_32:0:3673:2048_1920x0_80_0_0_255b8e0d79ab26c8addb90c2bb975424.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік төлем алған қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биыл 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға берілетін арнайы әлеуметтік төлем енгізілген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, жыл басынан бері жаңадан енгізілген жеңілдікті екі мыңнан астам адам пайдаланды.Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер мынадай төлемдерден тұратын арнайы әлеуметтік төлемге үміткер бола алады:Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі жинақтауға байланысты.Төлем мынадай жағдайда тағайындалады:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892827_335:0:3066:2048_1920x0_80_0_0_f01abfe3bb34bf1bd94e12720b7c660b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, зейнетақы
әлеуметтік төлем, зейнетақы
Арнайы әлеуметтік төлем алған қазақстандықтардың саны екі мыңнан асты
1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға берілетін арнайы әлеуметтік төлем енгізілді
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік төлем алған қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға берілетін арнайы әлеуметтік төлем енгізілген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, жыл басынан бері жаңадан енгізілген жеңілдікті екі мыңнан астам адам пайдаланды.
"2024 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша 2 693 адамға арнайы әлеуметтік төлем берілді. Жалпы сомасы 449,7 миллион теңге", - деді Ордабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер мынадай төлемдерден тұратын арнайы әлеуметтік төлемге үміткер бола алады:
арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы - 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі - 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлем – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі жинақтауға байланысты.
Төлем мынадай жағдайда тағайындалады:
қызметкер үшін 84 ай (7 жыл) үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді растау;
зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру.