"Қазақмыс" компаниясының бөлім бастығы ұсталды

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің "Бопсалау" бабы бойынша айып тағылды
Sputnik
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. "Қазақмыс" компаниясы заң қызметі департаментінің бөлім бастығы ұсталды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"13 наурызда Қарағанды облысының ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Жұмабаевты ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктіге Қазақстан Қылмыстық кодексінің "Бопсалау" бабы бойынша айып тағылды.
Қазіргі уақытта Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды — Антикор