Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды — Антикор

© Photo : Официальный аккаунт ФФК в Facebook Ерлан Кожагапанов
Ерлан Кожагапанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2024
Жазылу
азіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растады.
"Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", — дейді Антикор.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Үкімет басшысының кеңесшісі Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны жайлы ақпарат таратқан еді.
Жаңалықтар
0