Ресей президентінің сайлауы - 2024

Путин ресейліктерді президент сайлауына қатысуға шақырды

Үш күнге созылатын дауыс беру ертең басталады
Sputnik
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Ресей президентінің сайлауы қарсаңында Владимир Путин ел азаматтарын сайлауға қатысуға шақырды.
Бейнежолдау Ресей президентінің сайтында жарияланды.
Владимир Путин Ресейде президент сайлауы сегізінші рет өтіп жатқанын, "бұл демократиялық мемлекеттің негізгі принциптерінің бірі – сайлау жүйелілігінің мызғымастығын көрсетеді" деп мәлімдеді.
"Бұл маңызды, аса жауапты оқиға. Сондықтан қазіргі мемлекет басшысы ретінде мен бүгін сіздерге үндеу жасауды қажет деп санаймын. Еліміздегі биліктің бірден-бір қайнар көзі халық екенін атап өткім келеді. Бұл негізгі құқықтық ереже Конституцияда бекітілген. Ол Отан тағдырын тек сіздер, Ресей азаматтары, шешесіздер деген мағынаны білдіреді. Сіздер жай ғана дауыс беріп қоймай, өз ерік-жігерлеріңіз бен ұмтылыстарыңызды, Ресейдің одан әрі дамуына жеке қатысуыңызды нық жариялауларыңыз керек, өйткені сайлау – болашаққа қарай жасалған қадам", - деді Путин.
Ол адамдарды алдағы үш күнде дауыс беру құқығын пайдалануға шақырды.
"Сіздерден сайлауға келіп, азаматтық және патриоттық позицияңызды білдіруіңізді, таңдаған кандидатқа, Ресейдің сәтті болашағы үшін дауыс берулеріңізді сұраймын", - деді Путин.
15 наурызда Ресейде президент сайлауы бойынша үш күндік дауыс беру басталады, бүкіл елде сайлау учаскелері ашылады.