Досрочное голосование на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Ресей президентінің сайлауы - 2024
2024 жылдың 15-17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. ОСК мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде төрт үміткерді тіркеді. Дауыс беру учаскелері Ресейдің дипломатиялық және консулдық өкілдігі бар барлық елде ашылды. Қазақстандағы ресейліктерге де дауыс беру үшін мүмкіндік жасалды.

Путин ресейліктерді президент сайлауына қатысуға шақырды

© Sputnik / POOL / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
Жазылу
Үш күнге созылатын дауыс беру ертең басталады
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Ресей президентінің сайлауы қарсаңында Владимир Путин ел азаматтарын сайлауға қатысуға шақырды.
Бейнежолдау Ресей президентінің сайтында жарияланды.
Владимир Путин Ресейде президент сайлауы сегізінші рет өтіп жатқанын, "бұл демократиялық мемлекеттің негізгі принциптерінің бірі – сайлау жүйелілігінің мызғымастығын көрсетеді" деп мәлімдеді.
"Бұл маңызды, аса жауапты оқиға. Сондықтан қазіргі мемлекет басшысы ретінде мен бүгін сіздерге үндеу жасауды қажет деп санаймын. Еліміздегі биліктің бірден-бір қайнар көзі халық екенін атап өткім келеді. Бұл негізгі құқықтық ереже Конституцияда бекітілген. Ол Отан тағдырын тек сіздер, Ресей азаматтары, шешесіздер деген мағынаны білдіреді. Сіздер жай ғана дауыс беріп қоймай, өз ерік-жігерлеріңіз бен ұмтылыстарыңызды, Ресейдің одан әрі дамуына жеке қатысуыңызды нық жариялауларыңыз керек, өйткені сайлау – болашаққа қарай жасалған қадам", - деді Путин.
Ол адамдарды алдағы үш күнде дауыс беру құқығын пайдалануға шақырды.
"Сіздерден сайлауға келіп, азаматтық және патриоттық позицияңызды білдіруіңізді, таңдаған кандидатқа, Ресейдің сәтті болашағы үшін дауыс берулеріңізді сұраймын", - деді Путин.
15 наурызда Ресейде президент сайлауы бойынша үш күндік дауыс беру басталады, бүкіл елде сайлау учаскелері ашылады.
Жаңалықтар
0