Астанада Наурыздың басты мерекесі қай жерде өтеді

Мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Астанада Наурызға арналған негізгі мерекелік шара ЭКСПО аумағында өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі жалпы республикалық жоспарды әзірледі. Онда барлық форматтағы іс-шаралар, атап айтқанда, көрмелер, концерттер, фестивальдар, жәрмеңкелер, әдеби-музыкалық кештер, спектакльдер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тарихи-танымдық сабақтар мен кино көрсетілімдер бар. Жалпы республика бойынша 400-ге жуық іс-шара өткізіледі.

"Ал Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, ұйымдастырылатын "Ұлы істің – Ұлы таңы" атты басты мерекеміз – 21 наурыз күні Астана қаласының ЭКСПО аумағында өтеді. Аталған мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. ", - дейді мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев.

Қазіргі кезде мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық шаралары басталды.
Наурыз 10 күн бойы тойланады - мерекенің бағдарламасы жарияланды