Астанада Наурыздың басты мерекесі қай жерде өтеді

© Photo : пресс-служба нацкомпании "Астана ЭКСПО"Этноаул на территории ЭКСПО
Этноаул на территории ЭКСПО - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2024
Жазылу
Мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Астанада Наурызға арналған негізгі мерекелік шара ЭКСПО аумағында өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі жалпы республикалық жоспарды әзірледі. Онда барлық форматтағы іс-шаралар, атап айтқанда, көрмелер, концерттер, фестивальдар, жәрмеңкелер, әдеби-музыкалық кештер, спектакльдер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тарихи-танымдық сабақтар мен кино көрсетілімдер бар. Жалпы республика бойынша 400-ге жуық іс-шара өткізіледі.

"Ал Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, ұйымдастырылатын "Ұлы істің – Ұлы таңы" атты басты мерекеміз – 21 наурыз күні Астана қаласының ЭКСПО аумағында өтеді. Аталған мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. ", - дейді мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев.

Қазіргі кезде мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық шаралары басталды.
Народные гуляния на Наурыз в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2024
Наурыз 10 күн бойы тойланады - мерекенің бағдарламасы жарияланды
Жаңалықтар
0