АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматы облысында қорғасын шығаратын шахтаның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Кеген ауданында "Тұйық" қорғасын кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу фактілері анықталды.
"Тексеру барысында шахта бекіністері зақымданғаны, шатыр мен борттар бойынша тау массасы бөліктерінің қатып қалғаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалы паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың жоқ екені анықталған", - дейді прокурорлар.
Анықталған заң бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіріп тұрған. Құлау қаупі де бар. Осыған байланысты шахтаның қызметі заң бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.
Қазіргі кезде прокуратураның үйлестіруімен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жер қойнауын пайдаланушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) іс қозғады. Барлық заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.