https://sputnik.kz/20240313/almaty-oblysynda-shakhta-opyrylyp-qulagaly-tur-42852189.html
Алматы облысында шахта опырылып құлағалы тұр
Алматы облысында шахта опырылып құлағалы тұр
Sputnik Қазақстан
"Тұйық" кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары бұзылғаны анықталды 13.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-13T14:55+0500
2024-03-13T14:55+0500
2024-03-13T14:55+0500
шахта
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматы облысында қорғасын шығаратын шахтаның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.Кеген ауданында "Тұйық" қорғасын кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу фактілері анықталды.Анықталған заң бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіріп тұрған. Құлау қаупі де бар. Осыған байланысты шахтаның қызметі заң бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.Қазіргі кезде прокуратураның үйлестіруімен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жер қойнауын пайдаланушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) іс қозғады. Барлық заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта
Алматы облысында шахта опырылып құлағалы тұр
"Тұйық" кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары бұзылғаны анықталды
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматы облысында қорғасын шығаратын шахтаның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Кеген ауданында "Тұйық" қорғасын кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу фактілері анықталды.
"Тексеру барысында шахта бекіністері зақымданғаны, шатыр мен борттар бойынша тау массасы бөліктерінің қатып қалғаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалы паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың жоқ екені анықталған", - дейді прокурорлар.
Анықталған заң бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіріп тұрған. Құлау қаупі де бар. Осыған байланысты шахтаның қызметі заң бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.
Қазіргі кезде прокуратураның үйлестіруімен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жер қойнауын пайдаланушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) іс қозғады. Барлық заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.