АЛМАТЫ, 11 наурыз - Sputnik. Бишімбаевтың адвокаты соттан қорғаушысын "абайсызда қазаға ұшырату" бабымен жазалауды сұрады, деп хабарлайды Sputtnik Қазақстан тілшісі.
Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты алғашқы тыңдау басталды. Айыпталушы - ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев. Бишімбаевтың адвокаты қорғаушысын "абайсызда қазаға ұшырату" бабымен жазалауды сұрады.
Бишімбаевтың қорғаушысы Назкен Құсайынова істе сотталушының іс-әрекетін аса қатыгездікпен кісі өлтіру ретінде саралауға негіз жоқ деп есептейді.
"Жүйелі түрде ұрып-соғу дәлелденбеген, Нүкенованың материалдық тәуелділігі де дәлелденбеген. Қорғаушы тарап сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастауды, Бишімбаевтың іс-әрекетін 104-баптың 1-бөлігі "абайсызда қазаға ұшырату" бойынша қайта саралауды сұрайды", - деді Назкен Құсайынова.
Оның айтуынша, Нукенованы үнемі ұрып-соқты деп жала жапқан құрбыларын да жауапқа тарту керек. Сонымен қатар Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары бұл істі заңсыз деп санайды.
"Алдын ала тыңдау сатысында қылмыстық-процессуалдық кодекстің бұзушылықтарын жою үшін қылмыстық іс материалдарын прокурорға қайтаруды сұраймын", - деп қосты Назкен Құсайынова.
Бишімбаевтың адвокаты "сотталушының кісі өлтіруге ниеті жоқ және Нүкенованы аяғымен тепкен жоқ" деп мәлімдеді.
"Шынында да, мейрамханада жанжал болды. Бишімбаевтың барлық әрекеттері Салтанат Нүкенованы тыныштандыруға бағытталған", - деді тағы бір адвокат.
Айта кетейік, "абайсызда ажал құштыру" бабы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді көздейді.
Айыптау мәліметтері бойынша, Бишімбаев мас күйінде Нүкенованың басына қатты соғып, кейін ол оны аяғымен тепкілей бастаған. Қашуға тырысып, қыз бөлмелердің бірінде тығылған, бірақ Бишімбаев есікті ашып, оны қайтадан ұрған. Соққы кезінде Бишімбаев Нүкенованың тамағынан тұншықтырған. Салдарынан Нүкенова есінен танып қалған.
Сонымен қатар прокурордың айтуынша, Бишімбаев марқұмның барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салған, оны толығымен қаржылық жағынан тәуелді етіп, қызғанған. Жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен.