АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. "Қазгидромет" РМК мамандары ертең, 11 наурыздағы ауа райы болжамын бөлісті.
Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Яғни, жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі және жел күшейеді.
Мегаполистердегі ауа райы
Астана
Көшпелі бұлт шығады, қар жаууы мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 3-5 градус аяз.
Алматы
Түнде көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жауады және тұман түседі. Күндіз жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0 +2 градус, күндіз +10 +12 градус жылы.
Шымкент
Күндіз және түнде көшпелі бұлт жүреді, күн ашық болады. Жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2 +4, күндіз +16 +18 градус жылы.