Өңірлер

Алматы облысында тікұшақпен қар көшкіні мен су тасқыны учаскелері анықталды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАэровизуальды тексеру
Аэровизуальды тексеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Жазылу
Құтқарушылар сел жүретін өзендердің арналары таза екенін баса айтты
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Алматы облысында су басу қаупі бар аймақтарды әуеден визуалды тексеру жүргізілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Әуеден шолу Іле және Күнгей Алатау жоталарының өзен алаптары бойымен Талғар өзені алабынан Шелек өзені алабына дейін жүзеге асырылды.
"Морена көлдері қысқы режимде тұр. Ақпан және наурыз айларындағы бірқатар жер сілкінісінің морена көлдерінің жағдайына теріс әсер ету белгілері байқалған жоқ", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, жүргізілген шолу көлдердегі су деңгейі максималды деңгейден айтарлықтай төмен екенін көрсеткен.
Сонымен қатар, ұшу барысында айтарлықтай көлемдегі жаңа қар көшкіні байқалмады.
"Биік таулы аймақта жекелеген қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл адамдар мен жабайы жануарлардың көшкін қаупі бар беткейлерді кесіп жүруіне байланысты болады", - деп хабарлады құтқарушылар.
Құтқарушылар сел жүретін өзендердің арналары таза екенін баса айтты.
Таулардағы орташа биіктікте қар жамылғысы қарқынды еріп жатқан жоқ, ал беткейлерде қардың айтарлықтай қоры бар, деп атап өтті ведомстводағылар.
Мұз жару жұмыстары. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2024
Су тасқыны қаупі: Батыс Қазақстандағы өзендерде мұзды жарып жатыр
Жаңалықтар
0