Саясат

Тоқаев: Қазақстан мен Әзербайжан – Түркі мемлекеттері ұйымының негізін қалаушылар

Қазақстан президенті Бакуге сапары қарсаңында әзербайжандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
Sputnik
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Әзербайжан – Түркі мемлекеттері ұйымының негізін қалаушылар. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық Vesti.az басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
"Қазақстан ұйымды құру туралы бастама көтерді, ал келісімге ежелгі Әзербайжан жерінде қол қойылды", - деді мемлекет басшысы.
Содан бері он бес жылға жуық уақыт өтті және ұйым содан бері ұзақ жолмен жүріп өтті, деді ол.
Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымының рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Тарихи қысқа мерзімде мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы өзінің өміршеңдігін көрсетіп, жаңа геосаяси шындық ретінде түркі әлемінің сұлбасын айқындады, деді Қазақстан президенті.
"Гені мықты осы өскіннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз", - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның әлеуеті орасан зор екенін атап өтті.
"Біздің елдер түркі бағытындағы алты халықаралық ұйымның барлығына қатысады және бұл Астана мен Баку Түркі мемлекеттері ұйымы интеграциясының даму векторын бірдей көретіндігінің айқын дәлелі", - деді президент.
Экономика
2020 жылдан бері Қазақстан мен Әзербайжан арасында тауар айналымы 5 есе өсті – Тоқаев