Экономика

2020 жылдан бері Қазақстан мен Әзербайжан арасында тауар айналымы 5 есе өсті – Тоқаев

Тоқаев пен Әлиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Жазылу
Әзербайжандағы БАҚ Тоқаевтың Бакуге сапары қарсаңында берген сұхбатын жариялады
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 5 есеге жуық – 109 миллион доллардан 529 миллион долларға дейін өсті, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев Vesti.az басылымына берген сұхбатында.
"Бұл жағымды қарқын және біз одан әрі көлемді арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді мемлекет басшысы.
Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасы артып келеді, деді президент Тоқаев.
Оның айтуынша, екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы байланыстар белсенді дамып келеді.
"Менің Бакуге сапарым барысында біз Жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмысын бастаймыз және оның бірінші отырысын өткіземіз", - деді президент.
Сонымен қатар, Тоқаев нормативтік-құқықтық база кеңейіп жатқанын айтты.
Соңғы бір жарым жылдың ішінде 40-қа жуық маңызды екіжақты құжатқа қол қойылды.
"Алдағы сапар барысында тағы бір ауқымды құжаттар пакеті қол қоюға дайындалуда. Бұл біздің өзара іс-қимылымызға жаңа қарқын береді", - деді ол.

Бірлескен жобалар

Қазақстан президенті екі ел үшін де, жалпы өңір үшін де маңызды бірлескен ірі жобаларды тізіп атап берді.
"Бұл – Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) өткізу қабілетін кеңейту, Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) және энергетикалық кабельді тарту, Әзербайжан арқылы мұнай мен уран экспорты, Қазақстаннан Әзербайжан нарығына бидай жеткізу", - деді Тоқаев.
Бірқатар бірлескен бастама екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және туристік ағынды арттыруға бағытталған, деп мәлімдеді президент.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Саясат
Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады
Жаңалықтар
0