Жаңаөзенді абаттандыруға екі миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді

Құжаттама бойынша 9 925 ағаш, 2 566 метр бойы бұта, 38 775 шаршы метр көгал және 3 543 раушан гүлін отырғызу жоспарлануда
Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Жаңаөзенді абаттандыруға екі миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, қазір байқау жүріп жатыр, деп хабарлады Lada.kz.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар сайтында тапсырыс беруші Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі екені көрсетілген. Абаттандыру жұмыстарына 1 725 055 019 теңге қарастырылған.
Жеңімпаз компания 2024 жылдың 1 наурызынан бастап 2026 жылдың 31 қазанына дейін Қосұлақ, Бейбітшілік, Маңғыстау, Қашаған, Сәтбаев, Дружба, Абай көшелерінің бойында, сондай-ақ Тәуелсіздік, Жалын, Бұрғылаушылар, Даңқ, Ауған соғысы ардагерлерінің саябағында және Әбіш-Қожа мешітінің алаңында көгалдандыру және абаттандыру қызметін көрсетуге міндеттенеді.
Құжаттама бойынша 9 925 ағаш, 2 566 метр бойы бұта, 38 775 шаршы метр көгал және 3 543 раушан гүлін отырғызу жоспарлануда.
Өтініш беру мерзіміне төрт күн қалды.
Қоғам
Бурабайдағы орман алқабы ұлғаяды