https://sputnik.kz/20240127/burabaydagy-orman-alqaby-ulgayady-41869528.html
Бурабайдағы орман алқабы ұлғаяды
Бурабайдағы орман алқабы ұлғаяды
Sputnik Қазақстан
Көшеттер парктің 1960 жылы ашылған тәлімбағында өсіріледі 27.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-27T19:03+0500
2024-01-27T19:03+0500
2024-01-27T19:03+0500
қоғам
бурабай
орман
https://sputnik.kz/img/1427/54/14275424_0:257:2730:1793_1920x0_80_0_0_d60a165d62b5301f873255bb361db3b7.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде биыл 520 мың түп тал егу жоспарланып отыр. Осылайша, орман алқабы жас көшеттердің есебінен 65 гектарға ұлғаюға тиіс, деп хабарлайды Қазақстан президентінің іс басқармасы.Ұлттық парк қызметкерлері былтыр 500 мыңнан астам қарағай мен қайың өскінін отырғызған. Көшеттер парктің 1960 жылы ашылған тәлімбағында өсіріледі. Қайың мен қарағайдан бөлек, мұнда қарақат, алма, таңқурай, үйеңкі және бөріқарақат сынды ағаштар егіледі."Жыл сайын инспекторлар қараша айынан қаңтарға дейін орманнан қарағайдың бүршігін тереді. Бұл жұмыс биыл да уақтылы жүргізілді. Жиналып, бірнеше күн кептірілген тұқым қазір тәлімбақтағы температурасы мен дымқыл деңгейі реттелетін жабық орында, арнаулы камераларда сақтаулы тұр. Көктемге салым бүр жара бастаған бүршіктерді топыраққа сеуіп, тыңайтқыш салу, арамшөбін тазалау сынды агротехникалық жұмыс жүргізіп, екі жыл баптаймыз. Содан кейін ғана тамыр жая бастаған, сабағы бірнеше сантиметрге жеткен өскін жабайы табиғат аясында өсіруге болады", - дейді Ұлттық парктің орман мен өсімдіктер әлемін қорғау және жандандыру бөлімінің бастығы Александр Ковалев.Оның айтуынша, әдетте, көшет сәуір айының соңына қарай егіледі. Нәзік өскін жаңа топырақты жерсінуі үшін тәлімбақтан тамырындағы микрофлорасымен бірге әкеліп отырғызады.Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бес жылда 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы кешенді жоспар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. ҚР Президентінің іс басқармасына қарасты мекеме де оны жүзеге асыруға үлес қосып келеді, деп атап өтті басқармадағылар.
https://sputnik.kz/20231221/zhana-zhyldan-bastap-burabayga-kiru-qymbattaydy-41089866.html
бурабай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1427/54/14275424_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_9b55313202b466ba1c6bdcb1d20d6d53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бурабай, орман
Бурабайдағы орман алқабы ұлғаяды
Көшеттер парктің 1960 жылы ашылған тәлімбағында өсіріледі
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде биыл 520 мың түп тал егу жоспарланып отыр. Осылайша, орман алқабы жас көшеттердің есебінен 65 гектарға ұлғаюға тиіс, деп хабарлайды Қазақстан президентінің іс басқармасы.
Ұлттық парк қызметкерлері былтыр 500 мыңнан астам қарағай мен қайың өскінін отырғызған. Көшеттер парктің 1960 жылы ашылған тәлімбағында өсіріледі. Қайың мен қарағайдан бөлек, мұнда қарақат, алма, таңқурай, үйеңкі және бөріқарақат сынды ағаштар егіледі.
"Жыл сайын инспекторлар қараша айынан қаңтарға дейін орманнан қарағайдың бүршігін тереді. Бұл жұмыс биыл да уақтылы жүргізілді. Жиналып, бірнеше күн кептірілген тұқым қазір тәлімбақтағы температурасы мен дымқыл деңгейі реттелетін жабық орында, арнаулы камераларда сақтаулы тұр. Көктемге салым бүр жара бастаған бүршіктерді топыраққа сеуіп, тыңайтқыш салу, арамшөбін тазалау сынды агротехникалық жұмыс жүргізіп, екі жыл баптаймыз. Содан кейін ғана тамыр жая бастаған, сабағы бірнеше сантиметрге жеткен өскін жабайы табиғат аясында өсіруге болады", - дейді Ұлттық парктің орман мен өсімдіктер әлемін қорғау және жандандыру бөлімінің бастығы Александр Ковалев.
Оның айтуынша, әдетте, көшет сәуір айының соңына қарай егіледі. Нәзік өскін жаңа топырақты жерсінуі үшін тәлімбақтан тамырындағы микрофлорасымен бірге әкеліп отырғызады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бес жылда 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы кешенді жоспар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. ҚР Президентінің іс басқармасына қарасты мекеме де оны жүзеге асыруға үлес қосып келеді, деп атап өтті басқармадағылар.