Алматы облысында түзеу мекемесінің бастығы қамауға алынды

№ 57 мекемесінің бастығы 7 наурызда ұсталған
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
№ 57 мекемесінің бастығы 7 наурызда ұсталған.
"Пара алды деген күдікпен Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің бастығы ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомстводағылар.
Комитет өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін айтты.
Жемқорлық үшін сотталған әрбір төртінші адам – ішкі істер органдарының қызметкері