АСТАНА, 7 наурыз - Sputnik. Қазақстан Украина Қарулы күштерінің қажеттілігі үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы "Укрспецэкспортпен" келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды қорғаныс мин,истрлігі.
"2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын хабарлаймыз. Мұндай тұспалдаулар Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған", - делінген хабарламада.
Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуін сұрайды.