Министрлік Украинаға көрсетіліп жатқан көмек туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны РКЗдание министерства обороны Казахстана
Здание министерства обороны Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2024
Жазылу
Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған
АСТАНА, 7 наурыз - Sputnik. Қазақстан Украина Қарулы күштерінің қажеттілігі үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы "Укрспецэкспортпен" келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды қорғаныс мин,истрлігі.
"2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын хабарлаймыз. Мұндай тұспалдаулар Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған", - делінген хабарламада.
Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуін сұрайды.
Жаңалықтар
0