АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында Су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы алтын медаль иеленді, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дуэт (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмеді. Даяна Джаманчалова мен София Ищенко 233.5413 балл жинады.
Екінші орынды қытайлық Жихуан Йе-Жиян Ку жұбы иеленді – 229.6568 балл.
Өзбекстандық Жасмина Кодирова мен Сабина Махмудова қола жүлдегер атанды (194.8469 балл).