Қазақстандық спортшылар су спортынан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

© Photo : Дирекция по развитию спорта РКДаяна Джаманчалова и София Ищенко
Даяна Джаманчалова и София Ищенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Дуэт көркем жүзуден Азия чемпионатында бірінші орын алды
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында Су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы алтын медаль иеленді, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дуэт (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмеді. Даяна Джаманчалова мен София Ищенко 233.5413 балл жинады.
Екінші орынды қытайлық Жихуан Йе-Жиян Ку жұбы иеленді – 229.6568 балл.
Өзбекстандық Жасмина Кодирова мен Сабина Махмудова қола жүлдегер атанды (194.8469 балл).
Қазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2024
Спорт
Тарихқа енді: қазақстандық спортшылар көркем жүзуден әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар
0