Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

Sputnik
АЛМАТЫ, 6 наурыз - Sputnik. 6 наурыз сәрсенбіге қараған түні сағат 05.09-да алматылықтар жерасты дүмпулерін сезінді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.6
MPV магнитудасы - 5.4
Тереңдігі - 10 км.
Алматыда 2 балл.
Төтенше жағдайлар министрлігі аудандарға мониторинг жүргізілгенін хабарлады. Жағдай тұрақты.
Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар