Сочиде Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысушы екі жұп үйленді

Sputnik
АСТАНА, 5 наурыз - Sputnik. Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысушы екі жұп үйленді, салтанатты рәсім Адлер АХАЖ бөлімінде өтті, деп хабарлайды Сочи әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қалмақстаннан Елена Лиджикова мен Алдар Шоволдаев және Орал федералдық округінен Виктория Иванова мен Савелий Тарасов үйленді. Жас отбасылар бұл қуанышты Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысушылармен бірге "Сириус" олимпияда саябағында өткізуді жоспарлаған", - делінген хабарламада.
Жас жұбайлар үшін түрлі той іс-шарасы ұйымдастырылып, қала басшысы Алексей Копайгородскийдің атынан жас отбасыларға алдағы жазда Сочиде демалуға сертификаттар табыс етілді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы – Росмолодежь.
РИА Новости 2024 жылғы Бүкіләлемдік жастар фестивалінің бас ақпараттық серіктесі болып табылады.
Жастар фестивалі: түрлі елден келген қатысушылар шеруге қатысты