https://sputnik.kz/20240304/zhastar-festivali-turli-elden-kelgen-qatysushylar-sheruge-qatysty-42709864.html
Жастар фестивалі: түрлі елден келген қатысушылар шеруге қатысты
Жастар фестивалі: түрлі елден келген қатысушылар шеруге қатысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысушы жастар өз елдерінің туларын көтеріп, фестиваль алаңында жүріп өтті, деп хабарлайды РИА... 04.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-04T21:52+0500
2024-03-04T21:52+0500
2024-03-06T17:05+0500
жастар
https://sputnik.kz/img/07e8/03/06/42711485_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_1875e938f8a5f5506f3aa26a5e13af4e.jpg
АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысушы жастар өз елдерінің туларын көтеріп, фестиваль алаңында жүріп өтті, деп хабарлайды РИА Новости.Шеруді барабаншылар мен акробаттар ашты. Кейбір қатысушылардың костюмдерінде ерекше элементтер болды: Пегас жылқысының бейнесі, тауыс құйрығы және тіпті динозавр қаңқасы. Қатысушылардың кейбірі ұлттық киімдер киді, кейбіреулері фестивальдің символы болып табылатын Чебурашкаларды қолдарына ұстап шықты. Шеруді 1957 және 1985 жылдардағы жастар фестиваліне қатысушылар бастады.Жастар Сириустегі Медаль алаңымен жүріп өтті, олар өз елдерінің туларын көтеріп жүрді және кейбірінде өз елінің туынан басқа, ресейлік ту да болды. Кейбірі "Катюша", "Алға, Ресей" сияқты орыс тілінде, сондай-ақ ана тілдерінде ән шырқады.Кейбір жастар командалары ДХР мен ЛХР, Иваново, Тула, Сахалин, Санкт-Петербург, Якутия, Татарстан және басқа да Ресейдің белгілі бір аймақтарының атынан шықты. Жастар қолдарына "Приднестровье" деген жазуы бар үлкен плакатты және республиканың туын көтеріп, бөлек топ болып жүріп өтті. Сондай-ақ бұл шеру қатарында Австралия жалауын ұстаған жалғыз жас жігіт те болды.Бүкіләлемдік жастар фестивалі 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/06/42711485_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_64d5ec92f08064d21884631657e7566b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар
Жастар фестивалі: түрлі елден келген қатысушылар шеруге қатысты
21:52 04.03.2024 (жаңартылды: 17:05 06.03.2024) АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысушы жастар өз елдерінің туларын көтеріп, фестиваль алаңында жүріп өтті, деп хабарлайды
РИА Новости. Шеруді барабаншылар мен акробаттар ашты. Кейбір қатысушылардың костюмдерінде ерекше элементтер болды: Пегас жылқысының бейнесі, тауыс құйрығы және тіпті динозавр қаңқасы. Қатысушылардың кейбірі ұлттық киімдер киді, кейбіреулері фестивальдің символы болып табылатын Чебурашкаларды қолдарына ұстап шықты. Шеруді 1957 және 1985 жылдардағы жастар фестиваліне қатысушылар бастады.
Жастар Сириустегі Медаль алаңымен жүріп өтті, олар өз елдерінің туларын көтеріп жүрді және кейбірінде өз елінің туынан басқа, ресейлік ту да болды. Кейбірі "Катюша", "Алға, Ресей" сияқты орыс тілінде, сондай-ақ ана тілдерінде ән шырқады.
Кейбір жастар командалары ДХР мен ЛХР, Иваново, Тула, Сахалин, Санкт-Петербург, Якутия, Татарстан және басқа да Ресейдің белгілі бір аймақтарының атынан шықты. Жастар қолдарына "Приднестровье" деген жазуы бар үлкен плакатты және республиканың туын көтеріп, бөлек топ болып жүріп өтті. Сондай-ақ бұл шеру қатарында Австралия жалауын ұстаған жалғыз жас жігіт те болды.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтіп жатыр.