Жер сілкінісі: Әрінов президентке құтқарушылардың қалай жұмыс істегенін айтты

Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты ведомствоның жұмысы туралы баяндады, деп хабарлады ТЖМ.
"️Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимыл алгоритмі тұтастай алғанда қажетті параметрлерде сақталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Қаладағы жағдай тыныш, барлық қызмет бекітілген жоспарға сәйкес нақты жұмыс істейді, деп толықтырды ТЖМ.
Президент министрге мегаполис тұрғындарының мүддесі жолында Алматыдағы жағдайды бақылау үшін әкім Ерболат Досаевпен және барлық қалалық қызметпен тығыз қарым-қатынас орнатуды тапсырды.

Алматыдағы жер сілкінісі

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында сағат 11.22-де магнитудасы MPV=6.1 жер сілкінісі тіркелді.
Салдарынан Алматыдағы біраз ғимараттың қабырғаларында жарықшақ пайда болып, көпқабатты бір үйді су басты.
Алматыдағы жер сілкінісі: бір адам зардап шекті