https://sputnik.kz/20240304/almatyda-zher-silkinisinen-keyin-bir-uydi-su-basty-42662146.html
"Желілер тозған": Алматыда жер сілкінісінен кейін бір үйді су басты
"Желілер тозған": Алматыда жер сілкінісінен кейін бір үйді су басты
Sputnik Қазақстан
Апат үйішілік желілердің тозуы салдарынан болған, деп хабарлады қала әкімдігі 04.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-04T18:23+0500
2024-03-04T18:23+0500
2024-03-04T18:45+0500
алматы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e8/03/04/42659809_0:147:2936:1798_1920x0_80_0_0_b16ce22c0c782b9058d4b6ed67865ff4.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда жер сілкінісінен кейін төрт қабаттың үйді су басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сәтбаев көшесіндегі 18В үйінің тұрғындары шатырдағы құбырдың шүмегі үзілгенін айтып отыр. Содан ыстық су төменгі қабаттарға аққан. Коммуналдық апат жер сілкінісінен кейін шамамен жарты сағаттан соң болған.Оның айтуынша, бір тікқұбырдың бойындағы барлық пәтерді су басты."Төртінші қабатта әлі ағып тұр. Апаттық қызмет бір сағаттан кейін келді. Сапасыз шүмектер болған дейді. Дегенмен жер сілкінісі де әсер еткен", - деп атап өтті Қартамысов.Sputnik Қазақстан тілшісі әкімдіктен мәселенің мән-жайын білді. Мамандар үйдің ішкі желілері тозған дейді."АлТС" ЖШС жұмысшылары ақаулықты жою үшін жылу жүйесін ағытып тастады. ПИК бұзылған жерді жөндеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", - дейді әкімдік қызметкерлері.Айта кетері, бүгін Алматыда сағат 11:22-де дабыл қағылды. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Алматы облысында 5 балл, ал Жетісуда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, дүмпу анық сезілді. Тұрғындар ғимараттардан эвакуацияланды. Адамдар сырт киімін де киіп үлгермеген. Жер сілкінісінен бір адам зардап шекті.
https://sputnik.kz/20240304/almatydagy-zher-silkinisi-bir-adam-zardap-shekti-42661303.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/04/42659809_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_21fcf16410b37f3c61ea57645ea25ffb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жер сілкінісі
"Желілер тозған": Алматыда жер сілкінісінен кейін бір үйді су басты
18:23 04.03.2024 (жаңартылды: 18:45 04.03.2024) Апат үйішілік желілердің тозуы салдарынан болған, деп хабарлады қала әкімдігі
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда жер сілкінісінен кейін төрт қабаттың үйді су басты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сәтбаев көшесіндегі 18В үйінің тұрғындары шатырдағы құбырдың шүмегі үзілгенін айтып отыр. Содан ыстық су төменгі қабаттарға аққан. Коммуналдық апат жер сілкінісінен кейін шамамен жарты сағаттан соң болған.
"Шатырдан бір сағат бойы ыстық су ағып тұрды. Барлық төрт қабатты су басты", - дейді үйдің тұрғыны Жанат Қартамысов.
Оның айтуынша, бір тікқұбырдың бойындағы барлық пәтерді су басты.
"Төртінші қабатта әлі ағып тұр. Апаттық қызмет бір сағаттан кейін келді. Сапасыз шүмектер болған дейді. Дегенмен жер сілкінісі де әсер еткен", - деп атап өтті Қартамысов.
Sputnik Қазақстан тілшісі әкімдіктен мәселенің мән-жайын білді. Мамандар үйдің ішкі желілері тозған дейді.
"АлТС" ЖШС жұмысшылары ақаулықты жою үшін жылу жүйесін ағытып тастады. ПИК бұзылған жерді жөндеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", - дейді әкімдік қызметкерлері.
Айта кетері, бүгін Алматыда сағат 11:22-де дабыл қағылды. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Алматы облысында 5 балл, ал Жетісуда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, дүмпу анық сезілді. Тұрғындар ғимараттардан
эвакуацияланды. Адамдар сырт киімін де киіп үлгермеген. Жер сілкінісінен бір адам зардап шекті.