АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Алматыдағы жер сілкінісінен бір адам зардап шекті, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Жер сілкінгенде бір адам зардап шекті, жасы 18-де.
"Қаланың 18 жастағы тұрғынына балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажетті көмек көрсетілді. Диагноз – оң жақ тобық пен аяқтың контузиясы және сіңірі созылған. Науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді", - дейді ведомство.
Айта кетері, 4 наурызда Алматыда екінші рет қатты жер сілкінді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, эпицентр Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Сейсмологтардың бағалауынша жер сілкінісінің амплитудасы 6,1. Алматыда 5 балдық жер сілкінісі сезілді.
Мегаполистегі барлық жиналу бекеттері дер кезінде ашық болды, деп хабарлады әкімдік.
Қаладағы оқу орындарынан студенттер қайтарылып, мектептердегі түстен кейінгі ауысым қашықтықтан оқуға ауыстырылды.