https://sputnik.kz/20240304/almatyda-zher-silkinisinen-keyin-metro-uaqytsha-zhabyldy-42649362.html
Алматыда жер сілкінісінен кейін метро уақытша жабылды
Алматыда жер сілкінісінен кейін метро уақытша жабылды
Sputnik Қазақстан
Метродағы барлық жолаушы сыртқа шығарылған 04.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-04T13:36+0500
2024-03-04T13:36+0500
2024-03-04T13:36+0500
өңірлер
алматы
жер сілкінісі
метро
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/04/40599119_0:150:1600:1050_1920x0_80_0_0_5e9ba0a6ff79afa817b9a85d99d33d0e.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алматы метрополитені төтенше жағдайлар департаментінің рұқсатын алғанннан кейін үш сағат ішінде іске қосылады. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.Метро аумағында қирандылар байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланады, деп атап өтті баспасөз қызметі.Бүгін, 4 наурыз сағат 11:22-де Алматы тұрғындары 5 балдық жер сілкінісін сезді. Жұмыста отырған қызметкерлер үрейі қашып, дүрлігіп кетті. Бәрі көшеге жүгіріп шыққан.Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы афтершоктар қайталануы мүмкін екенін ескертті. Мамандар халықты сағат 16:00-ге дейін жиналу бекеттерінде болуға шақырады.
https://sputnik.kz/20240304/almatyda-zher-silkindi-adamdar-dalaga-evakuatsiyalanyp-zhatyr-42645479.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/04/40599119_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_ee77d9cf477bdde724e91948877e8180.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жер сілкінісі, метро
алматы, жер сілкінісі, метро
Алматыда жер сілкінісінен кейін метро уақытша жабылды
Метродағы барлық жолаушы сыртқа шығарылған
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алматы метрополитені төтенше жағдайлар департаментінің рұқсатын алғанннан кейін үш сағат ішінде іске қосылады. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат ішінде қайта іске қосылады", - делінген хабарламада.
Метро аумағында қирандылар байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланады, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Бүгін, 4 наурыз сағат 11:22-де Алматы тұрғындары 5 балдық жер сілкінісін сезді. Жұмыста отырған қызметкерлер үрейі қашып, дүрлігіп кетті. Бәрі көшеге жүгіріп шыққан.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы афтершоктар қайталануы мүмкін екенін ескертті. Мамандар халықты сағат 16:00-ге дейін жиналу бекеттерінде болуға шақырады.