ҰҚК шекарада 2,5 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады

Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі ақпан айында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 2,5 мың адамды ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, ақпан айында шекара қызметі құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып 2 559 заңнамаларын бұзушыны ұстады. Соның ішінде шекараны кесіп өтпек болғаны үшін ұсталған 24 шетел азаматы бар.
17 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
ҰҚК мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту фактілерінің алдын алды. Оның ішінде:
54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 келіден жоғары;
20 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана ату және 140 дана суық қару, 32 дана оқ-дәрі);
63 факті – діни әдебиет (3 078 дана);
330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай (38 101 литр);
халықтық тұтыну тауарлары – 429 факті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам;
шетел валютасы – 100 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.
Сондай-ақ ҰҚК Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактінің алдын алды:
9,5 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары;
109 дана (454 келі) бекіре тұқымдас балық;
39 дана (93 келі) таза тұқымдас балықтар тәркіленді.
Алдын алған залал көлемі – 173,5 млн теңге.
Бұл фактілер бойынша материалдар заңнаманы бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
"Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген ҰҚК хабарламасында.