Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін ұрлаған

Sputnik
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырған, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бір жарым айда борышкердің жалақысынан сот орындаушысының арнайы шотына баланы асырауға деп 816 мың теңге аударылған.
Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған.
Бұл ретте, алимент аударушының адалдығына қарамастан, сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдады.
Сот орындаушысының жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды.
Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция Департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ, борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтіріліп, бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.