Шымкенттің шенеуніктері 2,5 млн теңге айыппұл төледі

Олар өз міндеттемелерін орындамаған жабдықтаушыларға шара қолданбаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Шымкентте прокуратураның қадағалау актісімен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Шымкентте өз міндеттемелерін орындамаған жабдықтаушыларға мемлекеттік органдар шара қолданбаған.
"Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы, қалалық драма театрдың бұрынғы басшысына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Мемлекет кірісіне 2 595 600 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Сонымен қатар 30 жабдықтаушы жауапсыз қатысушылардың тізіміне енгізіледі. Олар бұдан былай мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды.
Өңірлер
Кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтау әкімінің орынбасарына жарты млн теңге айыппұл салынды