https://sputnik.kz/20230922/kasipkerlikpen-aynalysqan-aqtau-akiminin-orynbasaryna-zharty-mln-tenge-ayyppul-salyndy-38683898.html
Кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтау әкімінің орынбасарына жарты млн теңге айыппұл салынды
Кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтау әкімінің орынбасарына жарты млн теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтау әкімінің орынбасары 483 мың теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Lada.kz порталы. 22.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-22T10:21+0500
2023-09-22T10:21+0500
2023-09-22T10:28+0500
өңірлер
ақтау
шенеунік
айыппұл
әкімшілік айыппұл
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_0:0:3243:1825_1920x0_80_0_0_b50e7a6832e1d3dcec2e1106ec5a02e8.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтау әкімінің орынбасары 483 мың теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Lada.kz порталы.Жыл басынан бері облыстың жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті шенеуніктерге қатысты 30 әкімшілік хаттама рәсімдеді. Бюджетке барлығы 10 миллион теңгенің айыппұлдары төленді. Соның ішінде Ақтау әкімінің орынбасары да бар.Департамент басшысы Шамұрайт Шәменовтың айтуынша, әкімнің орынбасары мемлекеттік қызметшілерге қатысты шектеулерді біле тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан. Осы әрекеті үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы) бойынша жауапқа тартылды.Айта кетері, осы заң бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептiк көрсеткiш (690 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл қарастырылған. Ал құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркiленуі тиіс.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_455:0:2932:1858_1920x0_80_0_0_985300797000e90b473f6598114de25c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, шенеунік, айыппұл, әкімшілік айыппұл
ақтау, шенеунік, айыппұл, әкімшілік айыппұл
Кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтау әкімінің орынбасарына жарты млн теңге айыппұл салынды
10:21 22.09.2023 (жаңартылды: 10:28 22.09.2023) АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтау әкімінің орынбасары 483 мың теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды
Lada.kz порталы.
Жыл басынан бері облыстың жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті шенеуніктерге қатысты 30 әкімшілік хаттама рәсімдеді. Бюджетке барлығы 10 миллион теңгенің айыппұлдары төленді. Соның ішінде Ақтау әкімінің орынбасары да бар.
Департамент басшысы Шамұрайт Шәменовтың айтуынша, әкімнің орынбасары мемлекеттік қызметшілерге қатысты шектеулерді біле тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан. Осы әрекеті үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы) бойынша жауапқа тартылды.
"Сол үшін оған 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Шәменов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, осы заң бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептiк көрсеткiш (690 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл қарастырылған. Ал құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркiленуі тиіс.