АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Қарағанды мен Ұлытау облыстарындағы №29 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталушы көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облыстқ қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Түрмедегі қайғылы жағдай 24 ақпанда болған.
"24 ақпанда Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының №29 қылмыстық-атқару жүйесі (ең жоғары қауіпсіздік) мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, олардың біреуі оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды", - дейді ведомство.
Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша қызметкерлердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.