АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Еуропарламент депутаттары Украинаға 50 миллиард еуро көлемінде көмек көрсету үшін жаңа қор құру бастамасын басым дауыспен қолдады.
615 депутаттың 536-сы жақтап, 40-ы қарсы болды, қалған 39-ы қалыс қалды, деп жазды РИА Новости.
Еуроодақ елдерінің басшылары 1 ақпанда өткен арнайы саммитте Украинаға көмектесу үшін 50 миллиард еуроға қор құру туралы саяси шешім қабылдады. Пакет 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған және бірнеше қатаң шартты қарастырады. Атап айтқанда, қаражат беру мәселесі жыл сайын талқыланып, екі жылдан кейін қайта қаралуы мүмкін.
Жаңа құрылым Еуропалық Бейбітшілік Қоры (EPF) аясында Украинаны қаржыландырудың қазіргі механизмінің жетілдірілген нұсқасы ретінде қарастырылады.
Ол арқылы бөлінетін қаражат бірнеше есе ұлғайтылды, бірақ әрбір мұндай шешім ЕО-ның барлық мүшесінің бірауыздан қолдауын талап етеді. Венгрия Киев билігіне ақша бөлу туралы кез келген бастамаға бұғау салды.
Нәтижесінде Будапешт Украинаны Еуроодақ қорынан қаржыландыруға вето қойған жоқ, бірақ Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто атап өткендей, республика Украина Қарулы күштеріне қару беру туралы шешімге қатыспайды.