https://sputnik.kz/20240227/europarlament-ukrainaga-50-mlrd-euro-koleminde-komek-korsetetin-zhana-qordy-maquldady-42542596.html
Еуропарламент Украинаға 50 млрд еуро көлемінде көмек көрсететін жаңа қорды мақұлдады
Еуропарламент Украинаға 50 млрд еуро көлемінде көмек көрсететін жаңа қорды мақұлдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Еуропарламент депутаттары Украинаға 50 миллиард еуро көлемінде көмек көрсету үшін жаңа қор құру бастамасын басым дауыспен қолдады. 27.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-27T18:14+0500
2024-02-27T18:14+0500
2024-02-27T18:16+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/old/348/53/3485398_0:26:500:307_1920x0_80_0_0_5a3680165348fa8a2d9b2a0e3cea9570.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Еуропарламент депутаттары Украинаға 50 миллиард еуро көлемінде көмек көрсету үшін жаңа қор құру бастамасын басым дауыспен қолдады.615 депутаттың 536-сы жақтап, 40-ы қарсы болды, қалған 39-ы қалыс қалды, деп жазды РИА Новости.Еуроодақ елдерінің басшылары 1 ақпанда өткен арнайы саммитте Украинаға көмектесу үшін 50 миллиард еуроға қор құру туралы саяси шешім қабылдады. Пакет 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған және бірнеше қатаң шартты қарастырады. Атап айтқанда, қаражат беру мәселесі жыл сайын талқыланып, екі жылдан кейін қайта қаралуы мүмкін.Жаңа құрылым Еуропалық Бейбітшілік Қоры (EPF) аясында Украинаны қаржыландырудың қазіргі механизмінің жетілдірілген нұсқасы ретінде қарастырылады.Ол арқылы бөлінетін қаражат бірнеше есе ұлғайтылды, бірақ әрбір мұндай шешім ЕО-ның барлық мүшесінің бірауыздан қолдауын талап етеді. Венгрия Киев билігіне ақша бөлу туралы кез келген бастамаға бұғау салды.Нәтижесінде Будапешт Украинаны Еуроодақ қорынан қаржыландыруға вето қойған жоқ, бірақ Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто атап өткендей, республика Украина Қарулы күштеріне қару беру туралы шешімге қатыспайды.
https://sputnik.kz/20231222/vengriya-premeri-euroodaq-ukrainaga-komek-korsetuden-bes-zhylga-bas-tartuy-kerek--41119646.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/348/53/3485398_28:0:473:334_1920x0_80_0_0_6242f40b3719f993204d270d99fc7a48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Еуропарламент Украинаға 50 млрд еуро көлемінде көмек көрсететін жаңа қорды мақұлдады
18:14 27.02.2024 (жаңартылды: 18:16 27.02.2024) АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Еуропарламент депутаттары Украинаға 50 миллиард еуро көлемінде көмек көрсету үшін жаңа қор құру бастамасын басым дауыспен қолдады.
615 депутаттың 536-сы жақтап, 40-ы қарсы болды, қалған 39-ы қалыс қалды, деп жазды РИА Новости.
Еуроодақ елдерінің басшылары 1 ақпанда өткен арнайы саммитте Украинаға көмектесу үшін 50 миллиард еуроға қор құру туралы саяси шешім қабылдады. Пакет 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған және бірнеше қатаң шартты қарастырады. Атап айтқанда, қаражат беру мәселесі жыл сайын талқыланып, екі жылдан кейін қайта қаралуы мүмкін.
Жаңа құрылым Еуропалық Бейбітшілік Қоры (EPF) аясында Украинаны қаржыландырудың қазіргі механизмінің жетілдірілген нұсқасы ретінде қарастырылады.
Ол арқылы бөлінетін қаражат бірнеше есе ұлғайтылды, бірақ әрбір мұндай шешім ЕО-ның барлық мүшесінің бірауыздан қолдауын талап етеді. Венгрия Киев билігіне ақша бөлу туралы кез келген бастамаға бұғау салды.
Нәтижесінде Будапешт Украинаны Еуроодақ қорынан қаржыландыруға вето қойған жоқ, бірақ Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто атап өткендей, республика Украина Қарулы күштеріне қару беру туралы шешімге қатыспайды.