Астана әуежайындағы өрт: ішкі рейстерді орындауға рұқсат берілді

Әуежайдағы жұмысты жалғастыруға төтенше жағдайлар министрлігі рұқсат етті
Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Астана әуежайында болған өрттен кейін ішкі рейстерге рұқсат берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана уақытымен 10:48-де әуежайдың Т2 - ішкі ұшулар терминалы өз жұмысын бастады.

"Ішкі ұшулар терминалында жолаушыларды рейске тіркеу ашылды. Сондай-ақ халықаралық рейстер терминалын іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Әуежайдағы жұмысты жалғастыруға төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары рұқсат етті", - дейді әуежай мамандары.

Айта кетері, бүгін 1-ші және 2-ші терминалдар арасындағы галерея қатты түтіндеп кетті. Сол жердегі серверлік терминал отқа оранды. Электр кабельдері жанған. Тілсіз жауы 10-15 шаршы метрге шарпыды. Төтенше жағдайға байланысты 18 рейс кешіктіріліп жатыр.