Астана халықаралық әуежайынан адамдар эвакуацияланды

© Sputnik / ИА "Новости-Казахстан"астана аэропорт - рекадр
астана аэропорт - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Астана әуежайында өрт шықты. Барлық жолаушыны эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін жедел желіге халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. 1 және 2 терминалдар арасындағы галерея қатты түтіндеп кетті.
Барлық адамды сыртқа шығаруға тура келді. Таңы сағат 08-24-те өрт сөндірілді. Тілсіз жауы 10-15 шаршы метрге шарпыды. 2 серверлік терминалда электр кабельдері жанған.
Жаңалықтар
0