АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 26 ақпан күні түнгі сағат 1:00 шамасында болған.
"Теміртау қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласына шақыртуға кеп тұрған 45 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне белгісіз біреулер дене жарақатын келтірген. Салдарынан жүргізуші ауруханаға жүгінді", - дейді ведомство.
Осы іске қатысы бар 25 және 29 жастағы күдіктілер ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.