Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін тағы ұрып кетті

© Sputnik/Ляля ЛиловаЖедел жәрдем. Архивтегі фото
Жедел жәрдем. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Жазылу
Осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 және 29 жастағы жігіттер ұсталды
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 26 ақпан күні түнгі сағат 1:00 шамасында болған.
"Теміртау қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласына шақыртуға кеп тұрған 45 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне белгісіз біреулер дене жарақатын келтірген. Салдарынан жүргізуші ауруханаға жүгінді", - дейді ведомство.
Осы іске қатысы бар 25 және 29 жастағы күдіктілер ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.
В Карагандинской области скорая с новорожденным ребенком вылетела в кювет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2024
Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның мән-жайын айтып берді
Жаңалықтар
0