АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Алматыда жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабаттардың тұрғындарына қалай әрекет ету керектігі айтылды. Қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі мен қаланың төтенше жағдайлар департаменті өкілдері брифинг өткізді.
Мамандар тұрғындармен төтенше жағдайлар кезінде ең бастысы сабыр сақтау керектігін айтты.
"Пәтердегі қауіпсіз орындарды алдын ала белгілеу қажет. Кешке үйде бүкіл отбасымен бірге отырып, бұл қауіпсіз жерді анықтауды ұсынамын, бұл – салмақ түсетін негізгі қабырғалардың жанында. Алғашқы дүмпулер кезінде сол жерде күте тұрған дұрыс, дүмпу аяқтала сала, лифтіні пайдаланбай, өзімен бірге дабыл дорбасын алып, сыртқа шығу керек. Қыс мезгілінде дабыл дорбасында жылы заттар болуы керек", - дейді ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Қахарман Оразалин.
Көшеге шыққан кезде ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз қашықтықта болу керек. Балконның астында тұрмай, электр желілері мен ағаштардан да алыс тұру керек.
"Дабыл сөмкесінде міндетті түрде радиоқабылдағыш болуы керек, Төтенше жағдайлар департаменті одан әрі не істеу керектігі туралы ақпарат береді", - деп толықтырды спикер.
Сондай-ақ сарапшы жер сілкінісі салдарынан үйінді астында қалған жағдайда есте сақтайтын бірінші нәрсе – құрылыс одан әрі қирамау үшін оқыс іс-қимыл жасамау.
Мамандар тұрғындарға келесі ережелерді ұстануға кеңес береді:
1.
дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;2.
жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;3.
жиһаздан, терезеден, люстрадан алыс кетіңіз;4.
жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);5.
ғимараттан шығыңыз (көп абатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);6.
суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;7.
алдын-ала дайындалған "дабыл чемоданын" алыңыз;8.
ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;9.
жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;10.
балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.