https://sputnik.kz/20240206/qazaqstan-zher-silkinisinin-sany-boyynsha-alemde-altynshy-orynda-tur-42084146.html
Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша әлемде алтыншы орында тұр
Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша әлемде алтыншы орында тұр
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда жер сілкінісі 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылдың бірінші айында екі есе көп тіркелді 06.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-06T12:08+0500
2024-02-06T12:08+0500
2024-02-06T12:08+0500
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e8/01/17/41752242_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_7bcd77eef1c5d47efc342219aae5a90e.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша рейтингіде 58 орынға көтеріліп, 100 елдің ішінде алтыншы орынға жайғасты, деп хабарлады Ranking.kz.Агенттік мәліметінше жыл басынан бері республикада 123 жер сілкінісі тіркелген. Ең жоғары магнитуда 7 балл – бұл осы жылдың қаңтар айының соңында Алматыда болған жер сілкінісі. 2023 жылы Қазақстанда небәрі 55 жер сілкінісі тіркеліп, ең жоғары магнитуда 5,3 болды.Қазақстандағы соңғы жер сілкінісі 2 ақпан күні таңертең Таразда тіркелді, оның магнитудасы 4,4 балды құрады.Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 24-не қараған түні алматылықтар күшті жер сілкінісін бастан өткерді. Ғимараттар мен адамдар ауыр зардап шекпесе де, бұл оқиға халықтың және мемлекеттің осындай төтенше жағдайларға дайын еместігін көрсетті.Ranking.kz компаниясы әлемдегі және Қазақстандағы әртүрлі жылдарда болған жер сілкінісінің статистикасын жинақтады. Мысалы, Statista мәліметі бойынша, 2000-2023 жылдар аралығында әлемде магнитудасы 5 және одан да көп 42,3 мың жер сілкінісі тіркелген.Ең көп жер сілкінісі болған кезеңдер:2023 жылдың ақпан айында Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі қаза тапқандар саны бойынша ең жойқын болып саналады. Ол 62 мың адамның өмірін қиды. Магнитудасы 7,5-7,8 балл болды.Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде Мароккода 6,8 балдық жер сілкінісі 3 мыңға жуық және қазан айында Ауғанстанда 6,3 балдық жер сілкінісі 1,5 мыңға жуық адамның өмірін қиды."Earthquakelist.org сайтының мәліметі бойынша 2024 жылдың 2 ақпанындағы жағдай бойынша ең көп жер сілкінісі Жапонияда болды: 204 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 7,5 балл. Одан кейін Мексика (180 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 6,1), Индонезия (169 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 5,6) тұр. Жер сілкінісі Қытайда, Қырғызстанда, Қазақстанда, Филиппинде, Чилиде, Гватемалада және Перуде де жиі болды", - делінген баспасөз хабарламасында.Earthquakes.zone мәліметі бойынша соңғы жүзжылдықта 9,6 балдық әлемдегі ең күшті жер сілкінісі 1960 жылы 22 мамырда Чилиде тіркелген.Қазақстанда ең жойқын жер сілкінісі 1911 жылдың 3 қаңтарында болды. Магнитудасы 7,8 балды құрады. Бұл зілзала барлық мемлекет арасында 23-ші орында тұр. Жер сілкінісі шамамен 4 миллион шаршы шақырым аумақта сезілді. Геолог Богдановичтің айтуынша, жер сілкінісінен 452 адам қаза тауып, 740 адам жараланған, 1094 үй мен 4545 киіз үй қирап, 13 мыңға жуық мал қырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/17/41752242_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_02145b3850d0b8aa367e8ab3f7c23098.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер сілкінісі
Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша әлемде алтыншы орында тұр
Қазақстанда жер сілкінісі 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылдың бірінші айында екі есе көп тіркелді
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша рейтингіде 58 орынға көтеріліп, 100 елдің ішінде алтыншы орынға жайғасты, деп хабарлады
Ranking.kz.
Агенттік мәліметінше жыл басынан бері республикада 123 жер сілкінісі тіркелген. Ең жоғары магнитуда 7 балл – бұл осы жылдың қаңтар айының соңында Алматыда болған жер сілкінісі. 2023 жылы Қазақстанда небәрі 55 жер сілкінісі тіркеліп, ең жоғары магнитуда 5,3 болды.
Қазақстандағы соңғы жер сілкінісі 2 ақпан күні таңертең Таразда тіркелді, оның магнитудасы 4,4 балды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 24-не қараған түні алматылықтар күшті жер сілкінісін бастан өткерді. Ғимараттар мен адамдар ауыр зардап шекпесе де, бұл оқиға халықтың және мемлекеттің осындай төтенше жағдайларға дайын еместігін көрсетті.
Ranking.kz компаниясы әлемдегі және Қазақстандағы әртүрлі жылдарда болған жер сілкінісінің статистикасын жинақтады. Мысалы, Statista мәліметі бойынша, 2000-2023 жылдар аралығында әлемде магнитудасы 5 және одан да көп 42,3 мың жер сілкінісі тіркелген.
Ең көп жер сілкінісі болған кезеңдер:
"Жер сілкінісінің ошағын табу және тіркеу үшін қолданылатын технологиялар ХХ ғасырдан бері жетілдірілді. Бірақ ғалымдардың жер сілкінісін болжау мүмкіндігі әлі де айтарлықтай шектеулі", - делінген хабарламада.
2023 жылдың ақпан айында Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі қаза тапқандар саны бойынша ең жойқын болып саналады. Ол 62 мың адамның өмірін қиды. Магнитудасы 7,5-7,8 балл болды.
Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде Мароккода 6,8 балдық жер сілкінісі 3 мыңға жуық және қазан айында Ауғанстанда 6,3 балдық жер сілкінісі 1,5 мыңға жуық адамның өмірін қиды.
"Earthquakelist.org сайтының мәліметі бойынша 2024 жылдың 2 ақпанындағы жағдай бойынша ең көп жер сілкінісі Жапонияда болды: 204 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 7,5 балл. Одан кейін Мексика (180 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 6,1), Индонезия (169 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 5,6) тұр. Жер сілкінісі Қытайда, Қырғызстанда, Қазақстанда, Филиппинде, Чилиде, Гватемалада және Перуде де жиі болды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Earthquakes.zone мәліметі бойынша соңғы жүзжылдықта 9,6 балдық әлемдегі ең күшті жер сілкінісі 1960 жылы 22 мамырда Чилиде тіркелген.
Қазақстанда ең жойқын жер сілкінісі 1911 жылдың 3 қаңтарында болды. Магнитудасы 7,8 балды құрады. Бұл зілзала барлық мемлекет арасында 23-ші орында тұр. Жер сілкінісі шамамен 4 миллион шаршы шақырым аумақта сезілді. Геолог Богдановичтің айтуынша, жер сілкінісінен 452 адам қаза тауып, 740 адам жараланған, 1094 үй мен 4545 киіз үй қирап, 13 мыңға жуық мал қырылған.